Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды “Eurasian Book Fair – 2022” V Еуразиялық Халықаралық кітап көрмесі-жәрмеңкесін тамашалауға шақырамыз.

2022 жылдың 20 сәуірі мен 24 сәуірі аралығында “EXPO” Халықаралық көрме орталығында «Eurasian Book Fair – 2022» V Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді.

«Eurasian Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі- жәрмеңкесі – бұл ересектер үшін де, балалар үшін де бірдей қызықты болатын бес күндік ауқымды мәдени және іскерлік бағдарлама болып табылады.

Көрмеге қатысушыларға көркем әдебиет, оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаңалықтардың тұсаукесері, кітап жайлы әңгімелері, балалар шығармашылығы мен дамыту орталықтарының балаларына арналған шеберлік сабақтары, поэзия кештері, белгілі жазушылар мен ақындармен қолтаңба сессиялары, сондай-ақ дөңгелек үстел өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осы өтетін ауқымды іс-шараға қатысады.

📍20.04.2022 ⏰ 18:00
📍21.04.2022 ⏰ 10:00
📍21.04.2022 ⏰ 14:00
📍21.04.2022 ⏰ 15:30
📍22.04.2022 ⏰ 10:00
📍22.04.2022 ⏰ 14:00
📍23.04.2022 ⏰ 16:00

Іс-шараның бағдарламасын карусельден көре аласыздар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Біз кітап оқуға деген сүйіспеншілікті бастауыш сыныптан бастап қалыптастырсақ қана кітап оқитын ел бола аламыз».

Сондықтан, баршаңызды іс-шараға шақырамыз.

Ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.).
Ресми қолдау:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
Серіктестер –
Нұр-Сұлтан қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 53/1 «EXPO» ХКО