Қайырлы күн, құрметті оқырмандар мен жазылушылар!

Бүгін №4 балалар кітапханасы @4detskaya.biblioteka
#Кітапханаұсынады айдарының аясында, сіздердің
назарларыңызға “Алма ағашы гүлденгенде” атты кітапты ұсынамыз. Кітап авторы Т. Көзікоғлу. Бұл кітапта кішкентай Эла деген қыздың басынан өткен шытырман оқиға жайлы әңгімеленеді.

Кішкентай Эла сабаққа барғысы келмейтін. Оған ағашқа өрмелеу өтте ұнайтын.

Күндердің күнінде ағаштың бір бұтағы сынып, Эла құлап кетеді. Сол кезден бастап кішкентай қыз ағашқа қамқорлық көрсете жүріп, өзінің де жазылып келе жатқанын байқамай қалады…
Бұл кітапты Нұр-Сұлтан қаласының ОКЖ барлық бөлімшелерінен алуға болады.