2022 жылдың 2 сәуірінде Халықаралық балалар кітабы күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” @kitap_qala_reserve баршаңызды «КІТАППЕН ӘЛЕМ МЕЙІРІМДІ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН» (С книгой мир добрей и ярче!) атты кітап және оқу мерекесіне шақырады. 📚

«Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» атты дөңгелек үстелінде
шығармашылық интеллигенция ұжымы балалар әдебиетінің мәселелерін және  «Оқитын ұлт» жобасы арқылы кітап оқуды қолдау шараларын талқылайтды.

«Еркетай» қуыршақ театры Т.Әбдірайымовтың «Ала бұға аулаған күн» кітабынан үзінді бойынша «Өтірік өрге басама» шағын спектаклін ұсынады.

Балалар жазушысы Зәуре Төрехан өзінің «Естен кетпес ерек күн» ертегісі бойынша «Тапқыр болсаң тауып көр» атты шағын викторина өткізеді.

«Балаларға базарлық: ертегiлерге жан бiткенде» мультфильмдер зертханасында ересектер мен балалардың қызығушылығын тудыратын қазақстандық анимациялық мультфильмдер көрсетiледi.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің серіктестері, “Фолиант” баспасоз және «Big Dream», кез келген адам өзіне қызықты кітап ала алатын кітап көрмесін дайындайды.

«Күн мектебі» шығармашылық шеберханасы
қолданбалы қолөнер бойынша шебер-сыныбын көрсетеді.

Көру қабілеті нашар оқырмандар үшін Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы @kitaphana_elorda арнайы аудиокітаптар дайындайды.

Өткізілетін уақыты:⏰
11.00 – 13.00

Өткізілетін орны
№5 балалар кітапханасы,
Ш. Құдайбердіұлы даңғылы 25/3,

Серіктестер:
🤝Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы,
🤝Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК
🤝Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Театр Наз» МКҚК,
🤝»Замандас21″ ҚБ,
🤝Балаларға арналған «Күн мектебі» шығармашылық студиясы,
🤝”Фолиант” және “Big Dream”баспалары