17 наурызда сағат 11.00-де Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында

«Жаңғырған – Дәстүр, жаңарған – Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Қоғам қайраткері, Елорда билер кеңесінің бас биі Әнуарбек Қайкенұлы Ералы ақ батасымен, Наурыз туралы ой-толғамдарымен шараның шымылдығын ашты.

Шараға қалалық Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-лицейі және Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 3-4 сынып оқушылары қатысты.

Мерекеге орай балалар ұлттық киімдерімен келіп, өздерінің Наурыз туралы түсініктерін , өлең-жырларын ортаға салды. Кітапханашылар Жанна Айдарбекқызы мен Жәмила Жанарбекқызы ұлттық ойынның қадір – қасиетін түсіндіріп, викториналық сұрақ айдарымен оқушыларды баурап алды. Әсіресе, асық ойыны, қыз қуу, теңге алу, қол күресі, арқан тарту ойындары балалаларды ерекше әсерге бөледі.

Балаларға ұлттық дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін, пайдасын жеткізу мақсатымыз бәріміздің көңілімізден шықты. Оның айғағы ретінде ұстаздар қауымының алғысынан, балалардың көңіл-күйінен аңғаруға болады.

Шара соңында шашу шашылып, бауырсақтан дәм татылды. Бұл- кітапхана мен мектептің тығыз байланыста жұмыс жасауының көрсеткіші.Ұстаздарға алғыс хат табысталып , естелік суретке түсіп тарқасты.