📝 Төлеген Айбергенов – қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның өлеңдері Мұқағали жыларымен сарындас, лирикаға, нәзік сезімдерге толы.Т.Айбергенов – жыр әлемінде өзіндік үнімен еніп соңынан тұтас бір толқынды ерткен,қазақ поэзиясының тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға.Осындай тұлпар мінезді,арғымақ ақынның өлеңдері бүгінде ұрпақ үшін темірқазық болып келеді.
🔊Бүгін, поэзия сүйер қауыммен Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
№10 көпшілік кітапхана «Т.Айбергенов және қазақ поэзиясы» атты әдеби поэтикалық кеш өткізді. Кешке Нұр-Сұлтан қаласы Күйгенжар,Мичурино кентінің №42 орта мектебі мен №43 қосымша білім беру мектебінің оқушылары мен ұстаздары,кітапханашылары атсалысты.
Әдеби кеш барысында Т.Айбергенов жайлы бейнефильмнен үзінді көрсетіліп, М.Шахановтың «Айбергенов шыңы», Айбергеновке «Қазағымның маңдайына сыймай кеткен сұңқарым» атты арнау,оқырмандар тарапынан ақынның «Туған жер», «Сапар», «Өмір», «Ана», «Уақыт» т.б өлеңдері оқылды
📌Сондай-ақ, Төлеген Айбергеновтің шығармаларын насихаттап,азда болса өз үлестерін қосып,бүгінгі кешке куәгер болған оқырмандарға «Т.Айбергенов 85 жыл» естелік медалі🏅 табысталып, алғыс хатпен📃 марапатталды.
📌Ақынға деген құрмет ерекше. Оның талабы таудай екені сөзсіз, әрі сөз өнерін қастер тұтқан ақиық ақынның өлеңдерін одан әрі насихаттай отырып алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласы №16 Т.Айбергенов атындағы мектепке барып, Айбергенов мұражайына саяхат жасау жоспарланды.
📌Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмыр сүргеніне қарамастан, оның артында мəңгі өлмейтін жырлары қалды. Ақиық ақын бар болғаны 30 жыл өмір сүрді. Осыншама аз ғана ғұмырында ұлттық әдебиетімізде өшпестей із қалдырған оның өлеңдері, талай сахналарда оқылып жүр, әлі де оқыла бермек.