Бүгін 5 қыркүйек күні, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні!

Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізі идеясы жастарды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл – кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға бере білуге баулу.

Көрнекті тұлғалар, «Алаш» қозғалысының қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлына арналған ескерткіш.