Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» Қаламгерлер аллеясы Kitap_Qala алаңында Марфуға Бектемірованы «Өлеңім, сен аман бол бұл дүниеде …» атты Еске алу шарасын өткізді.

Шара Марфуға апайдың «Аққуым менің қайдасың » әнімен басталды.

Жүргізуші Гүлжан Жәлел ақынның өмір жолы және Ақселеу Сейдімбек ағаның берген бағасы туралы айтып өтті.

Ары қарай КАЗГУ-де бірге оқыған курстасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаров аға қызықты естеліктерімен бөлісті, Олжас Қасым осындай игі іс-шаралардың маңыздылығын қазіргі жағдайға орай айтып өтті, оқырман Оспанов Сағатбек жақсы тілектер айтты.

Поэзияны сүйіп оқитын оқырмандар Уәлибек Ақбота, Маслий Виктория, Копжасарова Галина Александровна, Салметова Ақмаралдар Марфуға апайдың өлеңдерін оқыды.

Соңында ақынның жары Есенкелді аға да естеліктерімен бөлісіп, өлеңін оқып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Естелік суретке түсіп,
қолтаңбамен естелік кітаптар сыйға тартылды.