06.05.2021
 
 
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтадырылған кітапханалар жүйесінің» ұйымдастыруымен «Кітап қала» радиосында ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші Баянғали Әлімжановпен мәнді де мағыналы сұқбат өтті. Кездесу барысында ақынның шығармашылығынан бастап сөз өрбіп, қоғамның әр саласына қатысты ойлар айтылды. Кітапхана мәселесін көтеріп, өзіндік ұсыныстарын да жеткізді. Келе жатқан жеңіс күнімен құтықтап, жырдан шашу шашты. Жалпы кездесу өте қызықты да, әсерлі болды. Оны қонағымыз да айтып, кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Кітапханамызды аралап, кітап қорларымен танысып, естелік суретке түсті. Өзі қара жаяу келмей, естелікке өзінің кітаптарын ұсынды. Отты да рухты, білімі мен шешендігі сай қонағымыз кітапханаға үлкен бір көңіл-күй сыйлады.
@kitap_kala
@ns_madeniet
@tokayev_online
@altay_kulginov_official
@akordapress
@primeministerkz
@ns.madeniet
@akimat_nur_sultan
@azamatakhmedzhanov
@nurbol_nursagatov
@baikonyrastana
@madibaeva68
@sagat.duysen