Құрметті оқырмандар!
Ертең сағат 15:00-де Facebook алаңында Құмарбек Қалқатаевпен тікелей эфирде онлайн кездесу өтеді.

Құмарбек Қалқатаев Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ ән өнерінің хас жүйріктерінің бірі, әйгілі Жәнібек Кәрменовтың шәкірті, әнші, актёр, композитор.

Kumarbek Kalkataev үнемі сұхбаттарында, әлеуметтік желіде де ұлттық өнерімізді насихаттап, жақсысына марқайып, жаманына жаны ауырып жүрген азаматтардың бірі. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.

Бізбен бірге тікелей эфирді тамашалауға шақырамыз!

Кездесудің ұйымдастырушысы – Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы.