Бүгін Қазақстан халқы тілдер күнімен қатар тойланып жатқан халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, қазақ тілі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы лингвист, ақын, мысалшы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен барша кітапхана оқырмандарын құттықтаймын!
Сіздерге жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеуге шақыратын А.Байтұрсынұлының «Маса» жинағын оқуға кеңес беремін.Бұл жинақ- сол кездегі қазақ елінің қамын ойлап,еліне арашашы бола білген ,ұйқыда жатқан елінің үстінде сары маса болып ызыңдап айнала ұшып, қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді.Сіздер мен біздер болып Ахмет шығармаларына бой алдыра отырып,болашақ ұрпақты Тәуелсіз еліміздің патриот азаматтары болуға тәрбиелейік дегім келеді.
А.Байтұрсынұлының «Маса» кітабын Астана қаласы «ОКЖ» КММ-нің кітапханаларынан алып оқи аласыздар.