Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұжымы жолдауды тыңдап, үлкен сеніммен тарқасты. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.
Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% – ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынды.
Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомманы тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді.
Сонымен қатар халқымыздың денсаулығы, болашақ ұрпағымыздың білімін көтеру, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын жақсарту жолдары туралы айтылып, тапсырмалар берілді.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!