Бүгін Орталық балалар жəне жасөспірімдер кітапханасы “Қаламгерлер аллеясында” Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 -жасқа толуына орай “Рух пен тіл” атты поэзия мерекесін өткізді.
Сарыарқа ауданы әкімдігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінен Аяулым Қанатқызы поэзия мерекесіне қатысушыларды құттықтады.
Ақынның өлеңдерін студенттер мен оқушылар ерекше шабытпен оқыды.
Рухани кештің арнайы – қонағы ақын, жазушы Жанат Елшібек. өзінің ақ жарма тілегін білдіріп, мән мен мағынаға толы сөздерін жастарға арнады. Жасөспірімдердің көкірек көзі тағы бір белеске шыққандай еді!
Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерімен жас аналар да қатысып, ақынның өлеңін оқып берді.
Өлеңсүйер қауым мен басқа да қонақтар осындай рухани кешке атсалысқандары үшін диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Өлең сүйер қауым барда, қазақтың қара өлеңі де жоғалмасы анық!