Осы күндері Шымкент қаласында «Модельді кітапхана: жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктер» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
өтіп жатыр.
Конференцияның мақсаты: Республика көлеміндегі арнайы кітапханалардағы әріптестерімізбен айқындап, өзге елдердің үлгілі үрдістерін үйреніп, тәжірибе алмасу.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция кітапхана саласы қалай дамиды, оның стратегиясы, маңызы мен міндеттері турасындағы тақырыптарды ортаға салып, бірлесіп талқылау көзделіп отыр.
Сонымен қатар арнайы кітапханалардың танымалдылығын арттыру, электронды кітап қорын толықтыру, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, мемлекеттік тілге деген құрметтерін дамыту, зағип адамдардың рухани, зияткерлік және шығармашылық өсудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, қолайлы жағдайлар жасау секілді кітапханаларға ортақ мәселелерге тоқталу.
Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері осы шараға белсенді қатысуда.
————
#Шымкент
#шымкентсити