Құрметті Астаналықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бұл күні біз аталарымыздың өшпес ерлігін, оларға түскен ауыртпалықтар мен қиындықтарға толы сәттерді еске алып, бейбіт өмір үшін жан қиған боздақтарға тағзым етеміз.

Жеңіс күнінің орасан зор рухани маңызы бар. Ол Қазақстан тарихында және әрбір азаматтың тағдырында мәңгілік естелік болып қала береді. Жеңіс
жауынгерлерінің даңқы арта берсін! Баршаңызға ашық аспан, мол бақыт, зор денсаулық, ел ішіне береке-бірлік тілейміз!