Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Бұл мереке барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының мерекесі.

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді», — деген дана халқымыз.
Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!