Әдебиет пен шабыт кеші: «Жаңбыр» кітабының тұсаукесері
23 сәуір — Ұлттық кітап күні қарсаңында кітапханамызда жас ақын @aidana_segizbaeva жаңа жыр жинағы — «Жаңбыр» кітабының тұсаукесері өтті.
Кешке ақынның жанашыр достары танымал журналист @almagul.tastan , ақын әрі тележүргізуші @aizada_rakhymzhanova, әнші-композитор @madi.ahmetkozha қатысты.
Айдана Сегізбаеваның жүректен шыққан өлеңдері оқылып, «Жаныңда қалайын» әні Мәди Ахметқожаның орындауында оқырманға ерекше әсер қалдырды.
70 мектеп-лицейінің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, одан бөлек кітапханамыздың көркем оқу үйірмесінің жас оқырмандары ақынның балаларға арналған жырлар жинағынан үзінділер оқыды.
Ақынның шығармашылығы – терең сезім мен шынайы сөздің айнасы. Айдана ханымға шығармашылық табыс тілейміз!