«23 сәуір – Ұлттық кітап күні» қарсаңында, биылғы “Бір ел-бір кітап” акциясының таңдаулы қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов және Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында “Қазақ прозасы мен поэзиясының қос тұлпары” атты қалалық байқаудың бірінші кезеңі өтті.
Баянғали Әлімжанов, Қабиден Қуанышбай сынды ақын-жазушылар қазылық еткен байқаудан сүрінбей өткен оқырмандарымыз екінші кезеңге жолдама алды.
Іс-шара Ұлттық кітап күніне арналған.
#ұлттықкітапкүні