Қымбатты Астана қаласының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы.
Бұл мереке – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілейміз!