Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болған жалдан бері 4 – маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.
Ал елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту.
Өзін елінің патриотымын деп санаған әрбір азамат еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу міндетті парызым деп санайды.
Сондықтан жыл сайын Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні жұмысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастайды.
Құрметті отандастар,Туымыз көрген кезде жігерлендіріп, Әнұранымыз бойымызға рухтық ерекше сезімге бөлейтін Мемлекеттік рәміздер күні құттықтаймыз! Мемлекеттік Туымыз бейбітшілік аспанында желбірей берсін!