Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі 1 мамыр «Бейбітшілік пен келісім» күні. Бұл мерекенің басты мақсаты ,ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Осы орайда, өзіндік қолтаңбасы бар танымал журналист, балалар ақыны, Серікбол Хасанда барлық ұлт өкілдеріне 1 мамыр мерекесіне орай құттықтауын жолдайды.