Әр отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі дейміз. Ал отбасы берік болса, отан мызғымайды. Бірақ қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарымыздың бағасы төмендеп, Отбасы институтының әлсіреп бара жатқаны ешкімге жасырын емес.
Қоғамда орын алып отырған түрлі ахуал, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтаның азаюы, отбасын құру мәселесінде жауапкершіліктің азаюы, ажырасу, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы, тәрбиеден тысқары қалған кейбір өскелең ұрпақ, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізеттің азаюы, әдеп сақтаудың жоғалып бара жатқаны тәрізді өзекті мәселелер ұрпақ тәрбиесіне жіті қарауды талап етіп отыр.
Құндылығымыз неге құнсызданды? Шешімі бар ма? Ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қандай болуы керек? Ата-ана қандай болу керек?
____
⠀⠀⠀
“Сырлы Сарыарқаның” қонағы Педагогика және психология ғылымдарының магистрі Күзембаева Камила Асыпқызымен әңгімеміз осы жайында өрбімек.
@ns_madeniet
@nurlansydykov
@madibaeva68
@turar_sattarkyzy
@saryarka.akimat
@bogenbai_kitaphana
@zhazira_yedigenova