Коммунальное государственное учреждение "Централизованная библиотечная система г.Астаны" акимата г.Астаны
«Елімнің жүрегі – Астана»

2018 жылдың 25-сәуір күні №5 балалар кітапханасында сағат 14:30 да Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жанғыру» стратегиялық бағдарламасының шеңберінде, елорданың ауысқандығына 20 жыл толуына байланысты «Елімнің жүрегі – Астана» атты Ж. Бектуров атындағы Қарағанды облысының орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе онлайн – конференция өтті.
Конференция Еуразия гуманитарлык колледжінің студенттерімен және кітапханамыздың оқырмандарының қатысуымен болды.
Іс-шара барысында қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы және Астананың жаңа құрылысын салу идеясын бірінші болып ұсынған Тұңғыш Президент жайлы, Астана қаласының құрылысының тарихы жайлы ақпараттармен алмасты. 
Іс-шараның мақсаты жастарды Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу: елімінің, әдет-ғұрыптары, дәстүрлерін насихаттау, қалалар арасындағы достық қарым -қатынасты нығайту.