Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
№4 көпшілік кітапхана

Паспорт

массовой библиотеки №4  государственного учреждения

«Централизованная библиотечная система» Города Астаны

 

1

Наименование организации

 

Массовая библиотека №4

2

ФИО

Моцная Оксана Кирилловна

3

Должность руководителя

Заведующая библиотекой

4

Город

Астана

5

Индекс

010007

6

Почтовый адрес

ул. Кеменгерулы,21

7

Юридический адрес

ул. Кеменгерулы,21

8

Телефон

41-21-75

9

Факс

41-21-75

10

Web caйт

astana-library.kz

11

Е-mail

b.4mass @ mail.ru

12

Форма собственности

ГУ «Управление коммунальной собственностью г. Астаны»

13

Краткая информация о деятельности

Учреждение, выполняющее информационные, культурные, образовательные, досуговые и  другие социальные функции, располагающее организованным фондом печатных и рукописных документов, а также  графическими,  аудиовизуальными материалами на электронных  носителях и предоставляющее их во временное пользование физическим и юридическим лицам.

 

Кітапхана әдебиеттерді насихаттаудағы мәдени-білім орталығы және оқушылардың отандық және әлем әдебиетіне деген қызығушылығын оятудағы мәлімет көзі болып табылады.

Негізгі басым бағыттар:

  • оқушылардың талабын толық және сапалы қанағаттандыру
  • кітапханалық-библиографиялық насихаттауды жүзеге асыру
  • Қазақстан халқының мәдени және тарихи құндылықтарын ашу мен сақтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру

Жаңа 2011 жылы кітапхана «Планетамызды көк әрі жасыл күйінде сақтап қалайық» атты бағытта жұмыс атқаратын болады.

Мақсаты: туған өлкеде әдебиеттануды насихаттау, оқушыларда табиғатқа, экологияға деген махабатты ояту, табиғи байлықтарды қорғау мен сақтау.

Оқырман қауымды кітапханалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жоспарлау:

  • Оқырмандардың әдебиетті үйге алып және кітапхананың оқу залында оқуы.
  • Кітапханада экскурсиялар жүргізу арқылы жаңа оқырман қауымды тарту.
  • Бұқаралық іс-шаралар арқылы кітапхананы насихаттау
  • «Ондирис» әкімдігі «Надежда» ПИК-мен бірігіп жұмыс атқаруды жалғастыру

 

Кітапхананың жұмыс істеу мерзімі.

Кітапхана сағ. 9.00- ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді

9.00- ден 10.00-ге дейін – ішкі жұмыс

10.00-ден 18.00-ге дейін – оқырмандармен жұмыс істеу.

Демалыс күні – сенбі, жексенбі.

Әр айдың соңғы жұмасы – санитарлы күн.

 

Астана қаласының

«Орталықтандырылған кітапханалар

жүйесі» ММ-сі,

№ 4 қалалық кітапхана

 

 

 

 

Өту жоспары:

  1. Амандасу, оқушыларды ертегі еліне қонақ болуға шақыру.
  2. Дерт ауылына сапар шегіп, Еріншекті жолықтыру.
  3. Еріншектің досы Сырқаттың қуануы.
  4. Көмекке Денсаулық патшасын шақыру
  5. Денсаулық сақшысы арқылы Денсаулық достарымен кездесу.
  6. Денсаулық достарының Денсаулық дұшпандарымен айқаcқа шығуы.
  7. Сырқат досы Еріншекке жаны ашуы.
  8. Денсаулық сақшысының дәрігер шақыруы
  9. Викториналық сұрақтар

10. Денсаулық достарының Еріншек үшін қуануы

11. Қоштасу

Денсаулық – зор байлық.

Ақпараттық сағат

Мақсаты:

ТӘРБИЕЛІК: Денсаулықтың қадірін дер кезінде бағалап, күтім жасау.

БІЛІМДІЛІК: Денсаулықтың қас- жауы зиянды әдеттермен күресуге баулып, денсаулық достары туралы мағлұмат беру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: салауатты өмір сүрегу шақыру, өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін ояту.

Қолданылатын әдіс- тәсіл: сұрақ- жауап, ойын, бақылау, дамыту технологиясы, саралау технологиясы

Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, сөзжұмбақ, нақыл сөздер, жұмбақтар.

Сабақтың түрі: ертегі, баяндау

Кейіпкерлер: Ақыл, Сырқат, еріншек, денсаулық патшасы

Өтетін сынып: 4 сынып.

Өтетін орны: кітапхана

Өтетін уақыты: 20 ақпан, сағат 11.00-де

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Біздің бүгінгі «Денсаулық – зор байлық» ақпараттық сағатына қош келіпсіздер!

«Денсаулық- зор байлық»- дейді дана халқымыз. Ойлап қарасандар, денсаулық- адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті. Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адамдар зардап шегіп, әр түрлі ауруларға шалдығып жүр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» ддеп тегін айтылмаған. Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі, өз саулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Ал егер менің сөзіме нанбасаңдар Ақылды тыңдандар.

Ақыл:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денін сауда.

«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Жүргізуші: Ал, өмірдің қымбатты, асылы- денсаулықтың қадірін түсінбеген Еріншек Дерт ауылына тап болады. Осында жүрген сырқат жаңа досының пайда болғанына қуанып, еріншектің жан - тәнін аш айдаһардай жей береді.

Сырқат:

Арпалысып, күні - түні күресіп,

Мен тұрамын ауызымды ашып тіресіп.

Шыбын жанда шама жоқ күресуге,

Минут сайын барамын мен және меңдеп.

Еріншек:

Денсаулық - ең байлықтың бал- бұлағы,

Қайда кәне бал - бұлақтың шамшырағы?

Кеудеде жан еліріп, дем беретін

Жан бар ма өмірімді көркейтетін?

Денсаулық патшасы:

Ауру төнсе, кең дүние тар қылмақ.

Денсаулықтан адамға не бар қымбат.

Денсаулықтың қорғаушысы боламын деп,

Дәрігерлер берген Отан алдында ант.

Жүргізуші:

Денсаулық қашанда алтынға тең,

Болады болашағың жарқын да кең.

Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен

Ойлан, көп тасымай ақылға кел.

Денсаулық патшасы:

Денсаулық сақшысы қайдасың? Еріншекке көмек керек. Дерт ауылына

Достарыңды ерте кел.

Денсаулық сақшысы:

Дерт меңдеп, айналмасын ішке жара.

Ем тауып, оны зерттеу үлкен сана.

Денсаулықтың сақшылары,

Қайғыға орын бермес тауың дана.

Еңбек, Күн, Ас, Су, Ұйқы, Ауа, Тазалық, Күтім- денсаулық достары жүріңдер, дерт ауылына барып, еріншекті құтқаруымыз керек. Жолға шығалық.

Денсаулық сақшылары:

Дертке дауа іздейміз,

Ізденісті үзбейміз.

Дерт ауылын мекендеп,

Сырқатты біз жеңеміз.

Жүргізуші: Сөйтіп, Олар дерт ауылына келеді. Бұл дерт ауылы өте қараңғы екен, мүнда денсаулықтың қастары да бар, халыққа зиянын шашып, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрді. Денсаулықтың қастары - Ластық, Жалқаулық, арақ, темекі. Дерт ауылының патшасы - Сырқат денсаулықтың достарымен ашық айқасқа кіріседі.

Сырқат:

Бүгінгі күн қорқыныштың базары,

Азап пенен ауруда елдің назары.

Еріншектің әбден түсіп ажары,

Қайраты да өшіп оның барады.

Денсаулықтың сақшысы:

Жадыраған жанымыз бар,

Жан дауысты әніміз бар.

Ауырғанда беретін

Шипа дәрі, қанымыз бар.

Жүргізуші: Сырқат, біз өзіңе және Еріншекке жалпы денсаулыққа әсер етер зиянды заттардың зарбады туралы айтып, санасына сәуле құйып, салауатты өмір салтына тәрбиелесек дейміз. Бізге мүмкіндік бере гөр, жас балғынның өмірін қима.

Сырқат:

Жарайды, тыңдалық.

Ауа:

Дерттердің түрлері бар мыңнан асқан.

Кейбірі жабысады бала жастан.

Асқазан, бүйрек, бауыр, өкпелердің

Дерт шалып қабынады жамап астан.

Күтім:

Темекі тамырыңды тарылтады,

Ішкілік ар - ұяттан арылтады.

Арақпен жақындасып достасқаның,

Жұрдай боп адамдықпен қоштасқаның.

Тазалық:

Дос бол, сабын сумен сен.

Жиі - жиі жуын сен:

Таңертең де, кешке де,

Жуын күндіз, түсте де,

Жуын тамақ алдыңда,

Жуын тамақ соңында,

Жуын ұйықтар кезінде,

Жуын тұрған мезгілде.

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық-5, сабақ-5»

Деп рапорт береміз.

Сырқат:

Қыспағына нарықтың арықтамай,

Деме әсте нарықтан тарықтым-ай!

Адал болып, еліме қызмет етіп,

Жүру маған арман ғой жарықтық-ай!

Дерт ауылын басқарып отырған бүкіл адамзатты ауруға шалдықтырып, болашақтың дамуына кедергі келтіру маған ұнайды дейсің бе?

Жүргізуші:

Барлық аурудың пайда болып, одан әрі өрші түсуіне адамзаттың өзі кінәлі. Салауатты өмір салтын сақтамайды, ауруға тап болған соң ғана дәрігер іздейді.

Денсаулық сақшысы:

Ия, айтпақшы, Еріншекке дәрігер керек. Дәрігер қайда? Ақ халатты абзал жандар көмекке келсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Сырқат:

Дәрігердің жүрегі кең, пейілі ақ, көңілі ақ. Дәрігер ақылы- бөлменің ішінде жасырулы, басында денсаулықтың қадірін түсінбеген жарандар, дәрігерді қажет етіп қалдыңдар ма? Менің шартым бар, білімдеріңді байқап көргім келеді. Осы сауалыма жауап берсеңдер, еріншекті де, дәрігерді де босатамын. Салауатты өмір салтының формуласы қандай?

Денсаулық достары:

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл.

Үшеуімен бақытты болады өмір.

Міне, формуласы осындай,

Жүргізуші:

Жарайсыңдар, келесі мына сөзжұмбақты шешіңдер

  1. Дені саудың-...... сау (жаны)
  2. Есту мүшесі- (Құлақ)
  3. Денсаулық-... байлық.
  4. А,В, С, Д, Е деп нені айтаймыз? (Витамин)

Сырқат:

Балалар, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Бостаңдық бердім, азаттық тіледім. Зор байлық денсаулықты қадір тұтыңдар, бағалаңдар.

Денсаулық сақшысы:

Бұл өмірде не керек.

Еріншек:

Денсаулық керек.

Ақыл:

Дені саудың жаны сау

Өшпейтін өмір жоқ.

Сынбайтын темір жоқ.

Емнің алды - еңбек.

Күтім:

Тазалық – саулық негізі,

Саулық - байлық незігі.

Жүргізуші: Саулық қайда, сұлулық сонда. Деніміз сау болсын десек, спортпен шұғылданайық. Аурудың алдын алайық.. Тамақтану тәртібін дұрыс ұстайық. Ал, кәне, бәріміз бірігіп, 5-6 минут жаттығу жасайық.

 

«Мақал-сөздің мәйігі» ойын сұрақтары

 

Мақсаты:

ТӘРБИЕЛІК: Сөз қадірін бағалап, сөз мәдениетін үйрену.

БІЛІМДІЛІК: Сөз мәдениті туралы мағлұмат беру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Қазақ әдебиетіндегі орны бөлек мақал- мәтелдерді дәріптеу, сөздерді орнымен паудалануда адамның бойындағы жауапкершілік сезімін ояту.

 

Қолданылатын әдіс- тәсіл: сұрақ- жауап, ойын, бақылау, дамыту технологиясы, саралау технологиясы

Көрнекілігі: мақал- мателдер, кітап

Сабақтың түрі: баяндау, бақылау

Өтетін орны: №4 қалалық кітапхана мекемесі

Өтетін уақыты: 11 тамыз сағат 12.00-де

 

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Біз бүгінгі «Мақал-сөздің мәйегі» ойын сұрақтарына қош келіпсіңдер!

 

Халқымыз сөз өнерінің құдыретін ежелден-ақ түсініп, оны «Өнер алды- қызыл тіл» деп бағалаған еді. Абай сөз өнері жайында

«Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

... Қиналма бекер тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ ойға олақ.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол- ақынның білімсіз бейшарасы» деп жырлайды. Сөз өнері- халықтың ділін бейнелейтін құрал. Ғасырлар бойы өмір тәжірибесінен өткен халықтың даналық ойлары ауыз әдебиет түрінде сақталған, ол-болашақ ұрпақтың тілі мен ділін нәрлендіретін асыл мұра.

Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой- пікірінің түйіні, аңсаған арманының арнасы, өмір тіршілінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырыыыыыып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы. Мақал- мәтелдерді, сара сөз бен нақылдарды халық ежелден жақсы көреді; сүттей ұйып, сүйсіне тыңдайды; «сөздің көркі- мақал, жүздің көркі- сақал» деп қадірлейді. «аталы сөзге арсыз жауап қайырады» деп сөз қааадірін білмейтіндерді қатал сынайды. Мақал мен мәтелдер- халықтың өз перзенті, өзі жасаған баға жетпес қазынасы; ол өзіне жақын да, түсінікті де, сондықтан сүйікті де. Бұлар- сан замандар бойы заман сынынан өткен, керегіне жараған, өміріне өнеге болған, қисығына тез, ақ пен қараны ажырататын әділ таразы болған.

 

Жүргізуші:Ал, енді бәріміз бірігіп, мақал- мәтелдерді тақырып бойынша талдап көрелік!

  1. Отан туралы
  2. Туған жер, туған ел туралы
  3. Ата- ана, отбасы, туысқандық туралы
  4. Еңбек пен кәсіп туралы
  5. Ынтымақ,бірлік туралы
  6. Батырлық,ерлік туралы
  7. ел-халық туралы
  8. жалғыздық туралы
  9. адам және онын қасиеттері туралы

10. өнер-білім туралы

11. үлгі- өнеге, тәлім- тәрбиеге байланысты

12. тіл өнері мен ой- пікірі туралы

13. төрт түлікке байланысты

14. егіншілікке байланысты

15. жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, сақтыққа байланысты

16. өткен қоғам өміріне байланысты

17. ас-тамақ, тазалық- денсаулыққа байланысты

18. жан-жануарлар, табиғат құбылыстарына байланысты

 

(балалар ойындағы тақырыптарды айтып шығады)

 

Жүргізуші:

Мақал мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ. Ол өмір күресінде, жасау жолында туған адам баласының қарым- қатынас, әдет- ғұрып, салт, тәлім- тәрбие, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидаларының дастаны тәрізді: онан өмірде ұшырайтын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табасың.

Мақал мен мәтелдерде халық өзін қанаушы дұшпандарына қарсы ыза мен кегін, досына деген жалынды лебін, жалпы адамға деген жақсылық махаббатын, келешегіне арналған ізгі үмітін ашық айтып отырды. өзінің өскелең жас ұрпағын еңбекке, өнерге үндеді, адамға адал қызмет етуге шақырды.

 

Жүргізуші:

Ал, енді «Кім тапқыр?» деген ойын ойнап көрелік! Мен мақал- мәтелдер айтамын, сендер қандайтақырыпқа арналған мақал екенін тауып отырыңдар.

 

(кезек-кезегімен мақал- мәтелдердің тақырыыыбын балалар айтып отырады)

 

  1. Игіліктің ерте- кеші жоқ
  2. Оқу түбі- тоқу
  3. Ақыл- дария,

Ой- теңіз

  1. Жаманның әлі жапалаққа жетер
  2. Қуыс үйден құр шықпа
  3. Құтты қонаққа- тәтті тамақ
  4. Ақылдыны алысым деме,

Ақымақты жақыным деме.

  1. Бақыт күлкілі үйге кірер
  2. Жақсы келін қызындай,

Жақсы куйеу ұлындай

10. Туысы бірдің-

Уысы бір.

11. Гаухар көп болса,

Қадірі болмас.

12. Қайрат- қыран,

Қайғы-жылан.

13. Есті бір өледі,

Еріншек мың өледі.

14. Жаман артық қылам деп,

Тыртық қылар.

15. Теңіз- тамшыдан.

16. Ағайын бір өлі, бір тіріде.

17. Жаман үйді қонағы билейді.

18. Ауылдастың аузы сасық.

19. Келіні жақсы үйдің керегісі алтын.

20. Атасы жоқ- мас жетім,

Анасы жоқ –қас жетім.

21. Есіртсең-

есектің қиы да секіреді

22. Бас- тұмақтың үлгісі.

23. Мал көтерер өлімді,

Дос көтерер көңілді.

24. Піл күшті,

піл күшті емес тіл күшті

25. Мақал- сөздің мәйегі.

 

Жүргізуші:

Мақал мен мәтелдерде халық: жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықтты, саналылық пен надандықты салыстыра сөз етеді. Адамгершілік жолына нұсқан, мін келтіретін жамандық пен жан шошырлық жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, жиренте әшкерелеп, бүкіл жұртшылыққа, адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлыығн үлгі- өнеге етіп ұсынады.

 

Жүргізуші:

Ал енді «кім мықты?» деген ойынның жеңімпаздарын анықтау мақсатында ортаға екі оқушыны шақырамын. Екі-екіден оқушылар мақал- мәтел айтып жарысады. Жеңімпазға кітапты сыйға тартамын.

 

(Оқушылар жарысады.)

Жүргізуші:

Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу- ол да бір дара бақыт. Дегенмен адамдардың көбі сөз мәдениетіне келгенде, селсоқтық танытып жатады. Ақын- жазушылардын сөздері ғана тұжымды бууолу міндетті емес. Барлығымыз қай салада жүрсекте, сөз мәдениетіне, әсіресе, мақал- мәтелдерді қолдануға ынтық болсақ, адамгершілк қасиетімізді көрсете білгеніміз. Абай атамыз айтқандай, «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел». Сау болыңыздар!