Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
№14 көпшілік кітапхана

Паспорт

массовой библиотеки №14 государственного учреждения

«Централизованная библиотечная система» Города Астаны

 

1

Наименование организации

Массовая библиотека №14

2

ФИО
Умирзакова Замзагуль Забикеновна

3

Должность руководителя

старший библиотекарь

4

Город

Астана

5

Индекс

010012

6

Почтовый адрес

пос. Железнодорожный ул. Ж Жабаева , 20

7

Юридический адрес

пос. Железнодорожный ул. Ж Жабаева , 20

8

Телефон

60-74-43

9

Факс

-

10

Web caйт

astana-library.kz

11

Е-mail

b.14mass @mail.ru

12

Форма собственности

ГУ «Управление коммунальной собственностью г. Астаны»

13

Краткая информация о деятельности

учреждение, выполняющее информационные, культурные, образовательные, досуговые и  другие социальные функции, располагающее организованным фондом печатных и рукописных документов, а также  графическими,  аудиовизуальными материалами на электронных  носителях и предоставляющее их во временное пользование физическим и юридическим лицам.

 

Экология –ел амандығы.

Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,халық санының артуы қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғаттқа үлкен қауып төндіріуде , осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі; оқушылырдың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: 1. Жер шарының суреті, «Жер-біздің ортақ үйіміз»

2.Ей, адамдар!

Күн мен гүлден жаралған,

От сезіммен мейрірімен таралған,

Тіршіліктің иесі Жер Анаға қарандар!

3.Ей, адамзат!

Жер тағдыры,

Ел тағдыры-аманат.

4.Табиғатқа байланысты нақыл сөздер.

 

Барысы.

1-жүргізуші: «Экология –ел амандығы» атты сайысымызға қош келдініздер!

(Сайысқа қатысушы топтар таныстырылады)

 

2-жүргізуші: Сайысымыз мынандай бөлімдерден тұрады:

1. «Аталар сөзі-көненің көзі»

2. «Кім көп біледі?»

3. Экологиялық жағдаят

4. «Таза ауа-жанға дауа».

 

1-жүргізуші: О, табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,

Құшағыңнан нәр алып мұратымен жетемін.

Алақанда аялаймын ұл-қызындай үйдегі,

Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.

 

2-жүргізуші: Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын,

Қастерлейік оның бар қазына, ырысын.

Ей ,адамдар, қалай ғана қадігездік жасайсың,

Табиғат Анаң, аялаған ұлысың.-деп ақың ағамыз Р.Сәтімбеков жырлаған,

біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс –тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты

болған. Енді сайысымыздың «Аталар сөзі –көненің көзі» бөліміне кезек

береміз.

(Әрбір топ табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айтады.)

 

1-жүргізуші: Қасиетті сөз бар «Кие» деген,

Киеліге жоламас күйе деген.

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

 

2-жүргізуші: Тірі нәрсе –шөп деген,

«Көкті жұлма болады обал» деген.

Ата-анамыз жыланға үйге кірген,

Ақ, сүт құйып, басына «жоғал» деген.

М .Кенжебаев

 

Сайсымыздың келесі бөлімі - «Кім көп біледі?»

Топ басшылары, сұрақтарды алыныздар.

 

1-топқа сұрақ

а) Қорықтар дегеніміз не?

б) Жылдың 22-наурыздан бастау себебі неде?

2-топқа сұрақ

а) Қазақстанда неше қорық бар?

б) Ауаның ластануының негізгі себептерін ата.

3-топқа сұрақ

а) Экологиялық апат аймақтарын ата.

б) Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.

 

 

1-жүргізуші: Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап,

Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ.

«Қызыл-кітап»-мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ.

 

2-жүргізуші: Келеді кез,

Күрделі біздің –бұл кез,

Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.

«Қызыл-кітап» - опат боп кеткен аңның

Бастарына қойылған қызыл-күмбез, -деп ақын Қадыр ағамыз жырлаған

«Қызыл кітап» деген не?

 

1-жүргізуші: ( Жан- жануарлардың суреттері бар түрлі түсті парақтар ілінеді)

Мынау «Қызыл кітаптың» парақтары,неге түрлі түсті?

Жауабы: Қызыл түсті парақ: аса қауып төніп тұрған түрлер. Ақ түсті парақ:

саны азайып бара жатқан түрлер. Жасыл түсті парқ сирек кездесетін түрлер.

Қара түсті парқ: жойылып кеткен түрлер. (Қазылар сұрақтардың жауабын бағаласын).

 

2-жүргізуші: Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Р.Сәтімбеков.

 

 

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз-«Экологиялық жағдаят». Топ башыларына

саяхатқа керектізаттар салынған сөмке ұсынылады. Онда көрпеше, ағаш

жаңқасы, сіріңке, сусындар, консерві, полиэтилен қалталар, газет т.б

заттар бар. Әрбір топ табиғат аясында серуенге шығып,берілген заттарды

пайдаланады. Саяхат аяқталғанда қалдық заттарды қалай жинақтағанына

қазылар баға береді.

2-жүргізуші: Міне, балалар,біз табиғат аясындағы серуеннен оралдық, өзімізбен

бірге біраз заттар апардық. Егер сол заттар табиғатта ашық түрде қалатын болса

олар шіріндіге айналу үшін мынандай уақыт қажет екен.

1. Қағаз 2-10 жылда ыдырайды.

2. Консерві банкілері 80 жылда.

3. Полиэтилен 200 жылда.

4. Пластмасса 500 жылда.

5. Шыны 1000 жылда.

 

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Таза ауа-жанға дауа» деп аталады.

Алдарында он бөлме өсімдігі тұр. Әрбір топ өсімдіктердің атауы, олар туралы

не білетіндеріңді ортаға салындар.

Топ мүшелері жауап беріп болғаннан кейін қазылар бағалайды.

 

 

2-жүргізуші: Табиғат –тіршілік бесігі. Адам –табиғаттың бір перзенті.

Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ бізге беймәлім сырлары толып жатыр.

Оған тереңірек үңілсек табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа, жан –

жануарға қажетті заттар бөліп шығарып, үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап

отырады.

Бұл –табиғаттың тазалық заңы.

 

1-жүргізуші: Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де, құратын қоғам

өмірі де тұл.

Бұл –табиғаттың мол қазыналық заңы.

 

2-жүргізуші: Қолмен жасағандай көркем табиғат айдынында жүзген қос

аққу ,бұрала өскен биші қайың,айта берсең таусылмайтын табиғат тамашалары.

Бұл –табиғаттың сұлулық заңы.

 

1-жүргізуші: Табиғатты аялау –адамзаттың резенттік парызы. Табиғатты

аялау –туған елді,жерді аялау.

Туған еді сүю-парыз.

Сүю үшін білу-парыз.

Қасиетін ұғу –парыз.

Күзетінде тұру - парыз.

М.Әлімбаев.

 

Қортынды.

Сөз кезегі қазыларға беріледі, жеңімпаз топтар марапатталады.

 

 

Ерлік жыры - елдіктің ескерткіші

Мақсаты: СССР –Германия соғысындағы ерлік, батырлық, отаншылдық, етжандылық туралы жазылған ақын өлендері, сазгер әндері таныстырылып, тәрбиелік мәні ұғындырылады.

 

Кітапханашы: Жеңістің 67 жылдығына орай өткізгелі отырған «Ерлік жыры- елдіктің ескерткіші» поэзия кешіне қощ келдініздер! Жеңістің 67 жылдық шауақты мерекесі құтты болсын. Дендерінізге саулық, бастарыңа амандық тілейміз. Аспандарыңыз ашық болсын! Бүгінгі кешіміз төмендегідей бөлімдер бойынша өтеді.

 

I бөлім: «Оқ пен оттың ортасында жауынгер» (Бұл бөлімде соғыс өміріне арналып жазылған өлеңдер оқылады)

II бөлім: «Жеңістің жанды жұлдызы» (1945 жылғы Жеңіс мерекесіне арналған өлең жырлар)

III бөлім: «Ерлік жыры- ұрпаққа үлгі, өнеге» (Батырлық ерлік туралы жазылған жырлар оқылады).

 

 

Жүргізуші: Табаны күректей төр жылы бойы ғаламат күш қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған Совет Одағы фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас талқан етті. Төр жыл бойы соғыс қырыны жауынгерлердің қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қалалар мен ауыл, селоларға «қара қағаз» болып жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. Төр жыл бойы өзінің қамын ойламаған тылдағы еңбеккерілер майданға әскери өнімдерді жөнелтіп жатты. Мамырдың жайма шуақ күнінде мерекелі салют адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың женіспен аяқталуы, бүгінгі ұрпаққа батырлық, ерліктің тәлім-тәрбиесі, үлгісі жайыеда ақындарымыз жыр шумақтары арнады, поэмолар жазды. Бүгінгі өткізгелі отырған «Ерліктің жыры-елдіктің ескерткіші» атты кешімізде ақындар өлендері, поэмолары оқылып, әндер шырқалады.

 

1 бөлім:

"Оқ пен оттың ортасындағы жауынгер"

Соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқылады.

  1. оқырман:

Жау жолын жауынгерлер жатты бағып,

Жөтелген зеңбіректер гүрсіл қағып.

Күркіреп самалеттің көкірегі,

Жөңкіген жалын шашаып жерде танк.

 

Секілді өлім, өмір арпаласқан,

Қапырық қара топан аспанға ұшқан.

Алғандай ажал демін алас ұрып,

Аптығып келе жатыр қаптан дұшпан.

 

2-оқырман:

Жауынгер жатыр тосып соның жолын,

Іргелі қарауылға қалың тобын.

Жүрегі жау түрінен сескенген жоқ,

Жауған оқ қалтыратпады оның қолын.

 

Таңның жұтып самалын құмарлана,

Күзеттен жаңа ған қайтып едім.

Тәтті ұқыдан оятты дабыл қаға,

Құлағымды бомба үні жарып менің.

 

3-оқырман:

Сенбестен өзіме-өзім ойға қалып,

Бас көтеріп ұйқылы көзімді ашсам,

Самолеттар жүр екен ойран салып

Қарақұрттай шұбырып көгінде аспан.

 

Сезе алмадым жаңағы иаң самалын,

Қайда кеткен жайқалып тұрған терек?

Жердің бетін өрт басып қызыл жалын,

От шашып тұр алыстан тек зеңбірек.

 

4-оқырман:

Орнында жоқ сайрайтын бозторғайда,

Қайда кеткен бозарып ататын таң?

Бақшадағы көр шатыр ақ ұй қайда?

Кеше ғана Тамара қол бұлғаған.

 

Бірі де жоқ! Өзгерген әп-сәтте –ақ,

Гүрс-гүрс етіп жарылып жатыр бомба.

Мал үріккен, ұй қирап бала жылап,

Өрт жалыны лапылдап оң да, сол да.

 

 

II. бөлім

«Жеңістің жанды жұлдызы»

Жеңіс туралы өлендер

1-оқырман:

Шүйінші, халқым шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші!

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан аға –баламыз

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен.

Па, шіркін! Осы шаттыққа

Түрілсін, халқым құлағын!

 

2-оқырман:

Шүйінші, халқым шұйінші!

Қуаныш жыры құйылшы.

Аңсап айлар кеткен күн,

Қанды соғыс біткен күн,

«Ақ түйенің қарыны жарылды!»

Күннің жалыны

Нұрын шашты сылдырап,

Ағылсын өлең бұлағы.

 

3-оқырман:

Шүйінші, халқым шұйінші!

Белінді бекем буыншы.

Жеңдің жауды күйрете,

Жасасыен той мереке!

 

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар, атойлатып, айқайлап, қуаныштан бір жылап бір күліп қарсы алған Жеңіс мерекесіне 67 жыл болыпты.

Күй .

 

4-оқырман:

Салют.

Түн.

Бұрық біткен кезде қылмай тағат,

«Дұшпаннан біз қаламыз тағы да азат»

Деп радио таратты бұйрық сөзін,

Билеп, ойнап Кремль соқты сағат.

 

5-оқырман:

Түрленіп кемпірқосақ секілденіп.

Қаранғы айсыз түнге көрік беріп

Ұшып жүр қызыл, жасыл,сары жұлдыз,

Аңдыздап айқыш-ұйқыш көкті кезіп.

 

6-оқырман:

Көк жүзін кестелесе аққан жұлдыз,

Жап-жарық айналамыз бейне күндіз.

«Япырай, неткен әсем көрініс!» деп

Аспаннан көщ айырмай қарап тұрмыз.

Бәрі қосылып айтады

Салют-бізде жеңістің салтанаты.

Салют- құрмет белгісі

Салют сайын жеріміз құлпырады,

Салют сайын асады елдің даңқы.

 

7-оқырман:

Жеңіс философиясы.

Есімде бес әріп сөз Жеңіс деген,

У бар ма сол сөз үшін ішпеген,

Қан бар ма сол сөз үшін егеспеген

Жас бар ма сол сөз үшін төгіспеген.

 

8-оқырман:

Айқасты қуаныштар кеуде жарып,

Қалып ек сол айқайдан естен танып.

Үстінде туған жерде аунай бердік

Жараны жапырақпен жауып алып.

 

9-оқырман:

Аңқыған темір исі түтін тәмі,

Тоғысты нанның иісі, сүттің дәмі,

Тоғысты көктем иісі, жаздың лебі

Адамның «Жеңіс» деген шықты да әні.

 

10-оқырман:

Адамның «Жеңіс» деген күйі дарып,

Күн нұрын бізге төкті жиып алып

Бос қырда шапқылады аман ұрпақ

Әкенің плиоткасын киіп алып.

 

11- оқырман:

Әсем жыл шыға келді араға аттап,

Оралды басымызға махаббат, бақ

әр үйде туып жатты сәби өмір.

Есімі «Женіс» деген бала қаптап.

 

«Кестелі орамал» әні.

 

 

Жүргізуші: Енді келесі кезекте «Ерлік жыры-ұрпаққа үлгі, өнеге» бөліміне береміз.

 

1-оқырман:

«Сен құрметте оны»

Түсіндің бе қарағым!

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

 

2-оқырман:

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Бізді жалмамақ болған отты

Ер кеудесімен қақты.

 

3-оқырман:

Ол арыстанша арысты,

Өлім соққысын өз үстіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азатты жолында аяғын.

 

4-оқырман:

Жасқанбас жаудан, болат жүректердеңн,

Бауырың туысқан жас түлектерден

Сәлем сізге, сүйікті Мәлік аға,

Қарапайым қаны бір жауынгерден.

 

5-оқырман:

Елінің ар-намысын қуған ерден,

Жалынды келер өжет,

Сәлем сізге жалынды Мәлік аға

Көруге ыстық жұзіңді тілектерден.

 

6-оқырман:

Мойынға құл қамытып сүйретпейміз,

Отанды табанына илетпейміз.

Кір жуып кіндік кескен туған жерді

Ешқашан фашистерге билетпейміз.

 

7-оқырман:

Қазақтың ерлік даңқын өшіреміз,

Жүректен кегімізді өшірмейміз.

Дұшпанды қанды қылмас сұмдығы үшін

Таптамай табанға сап кешірмейміз!

 

8-оқырман:

Алдында алға салған батырлық жол ,

Батыр аға, сізге айтар антымыз сол

Өлсек те айтқан серттен айнымаймыз.

Мінекей, әкел аға ұсынды қол.

 

  • Ақ көгершін» әні орындалады.

 

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар, Жеңістің 67 жылдығына орай өткізіліп отырған «Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші» атты поэзия кешімізді аяқтаймыз. Жеңіс мерекесі құтты болсын! Даңқты ата-әжелеріміздің ерлік істері ұрпағымызға үлгі-өнеге болсын.