Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
№3 балалар кітапханасы

Паспорт

детской библиотеки №3 государственного учреждения

«Централизованная библиотечная система» Города Астаны

 

1

Наименование организации

Детская библиотека №3

2

ФИО

Ахтаева Марал Куракбаевна

3

Должность руководителя

заведующая библиотекой

4

Город

Астана

5

Индекс

010010

6

Почтовый адрес

пр. Жеңіс ,61

7

Юридический адрес

пр. Жеңіс ,61

8

Телефон

38-20-58

9

Факс

38-20-58

10

Web caйт

astana-library.kz

11

Е- mail

3detskaya @mail.ru

12

Форма собственности

ГУ «Управление коммунальной собственностью г. Астаны»

13

Краткая информация о деятельности

учреждение, выполняющее информационные, культурные, образовательные, досуговые и  другие социальные функции, располагающее организованным фондом печатных и рукописных документов, а также  графическими,  аудиовизуальными материалами на электронных  носителях и предоставляющее их во временное пользование физическим и юридическим лицам.

 

Негізгі міндеттер мен бағыттар.

Балаларда өздерінің егеменді , тәуелсіз мемлекетіне деген отан сүйгіштік сезімдерін дамыту.

«2001-2011 ж. жоспарланған тілді дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарлама» жұмысын арттыру..

Басымдылық қызметі бағытындағы кітапхана жұмысын арттыру: Экология бағытына балаларды тәрбиелеу жұмысын арттыру , балаларда білуге құмарлық қабілетін дамыту, қоршаған ортаға деген қызығушылық, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау керектігін үйрету және тәрбиелеу.

Денсаулықты өмір бейнесін , жағымсыз әдеттердің жойылуын, балалардың тазалық ережесін сақтауы мен демалыс және еңбек тәртібін қадағалау.

Балалардың рухани және өнегелі тәрбиесіне көңіл бөлу. Жаңа көркем әдебиеттерді жүйелі оқуға дағдыландыру.

Мектеп бағдарламасына көмек көрсете отырып, оқырмандар сұранысын сапалы орындау . Оқушыларды үйрету барысында , компьютермен белсенді жұмыс атқару .

Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді арттыру.

Оқырмандарды жақындату мақсатында №14,15,25,18, 11 және №1 интернат оқушыларымен кітапханалық саяхат ұйымдастыру. Барлығы 10 саяхат.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен уақытша оқшаулау орталықтарында, бейімдеу , икемдеу және ақтап шығару орталықтарына шығып мәдени шаралар өткізу.

Мектеп мұғалімдері ұжымымен үнемі қарым- қатынаста болу. Мектептерде мұғалімдер кеңесіне ата-аналар жиналысына қатысу.

Үнемі Сары-арқа ауданы әкімшілігімен қарым – қатынасты қолдау, бірлескен шаралар өткізу. Жылына үш бірлескен шара өткізілуі керек.

Мектеп жасына дейінгі мекемелермен бірлескен шаралар өткізіп тұру. «Қош келдің , біздің болашақ оқу» атты кітапханалық саяхат өткізу .

Кітапхананың жұмыс тәртібі.

Кітапхана жұмысы 9.00-18.00

Оқырмандармен жұмыс уақыты 10.00-18.00

Демалыс күні – жексенбі

Тазалық күні – айдың соңғы күні

 

 

№ 3 БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ

Мекен-жайы : Жеңіс Даңғылы 61

Байлыныс телефоны: 38-20-58

Кітап қоры: 40 мың астам кітап.

Экологиялық білім,экологиялық тәрбие,қоршаған ортаны сақтау –кітапхананың негізгі бағыты.

 

Туған жерді сүю парыз,Қасиетін ұғу парыз,

Сүю үшін білу парыз,Күзетінде тұру парыз .

 

 

Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

№3 балалар кітапханасы

 

Тақырыбы: Болашақты нұрландырған тәуелсіздік

( тарихи сағат)

Шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тарихи шежірелі даталарымен таныстыру, оларды Отансүйгіштікке, Елжандылыққа тәрбиелеу, Отан туралы түсініктерін нығайтуға, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын кұрметтеуге міндетті екеннін сезіндіру.

 

Көрнекілік: Ұлағатты сөздер, тәуеліздік тарихы мен оның мемлекеттік нышандары туралы т.б. саяси тақырыптағы әдебиеттер көрмеге қойылады.

 

Тақырыбы: Тәуелсіздікке шолу.

 

Формасы: Тарихи сағат.

 

Жоспары:

· Тәуелділіктен – Тәуелсіздікке.

· Қазақстан Республикасының рәміздері.

· Ата заңым – айбарым.

· Теңге –ұлттық табыстың кепілі.

· Түрік әлемін түгендеген – Астана.

· Сұрақ-жауап. (Ойын түрінде.)

· Байтақ елім - бақытым (қысқаша шолу).

· Қазақстан туралы сөз жұмбақ шешу.

· Қортынды.

 

Барысы: Оқушыларға тәуелсіздік тарихынан мағлұмат беру, сұрақ-жауап арқылы әнгімелесу.

 

Өтетін орны: Кітапхананың оқырман залы.

 

Өтетін мерзімі: 2012 жылы 12-қараша күні.

 

Қатысушылар: Астана қаласы №14-ші орта мектеп оқушылары.

 

Беташар

Авторы - А. Нүсіпхан

«Тәуелсіз атты бар арман» («Туыңды көтер», жинақ. 44-бет).

 

Тәуелсіз деген бұл ұғым-

Таймайтын менің тұғырым.

Сол үшін, ие сол үшін,

Әкем де берген ғұмырын.

 

Бабам да солай жар салған,

Жар салып өткен қанша арман.

Сарыарқам содан сарғайған,

Тауларым басын қар шалған.

 

Кең байтақ мына даламнан,

Талықсып барып нәр алған.

Тәңірге жеткен дауысы-

Тәуелсіз атты бар арман.

 

Сол арман маздап жанбаса,

Арыма қамшы салмаса,

Арыстан туған ерлерім,

Алдаспан қолға алмаса,

 

Атасыз құл боп өтер ем,

Батасыз құл боп өтер ем,

Отанда жүріп, Отансіз,

Болып бір кетсем, не етер ем. – деп тебіреңген екен ақындарымыз.

Тәуелділіктен – Тәуелсіздікке

1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауына байланысты еліміз тәуелсіздігін жариялап, Қазақстан Республикасы болып аталды. Бүгін біз ел тәуелсіздігінің 3-ші он жылдығына қадам басып отырмыз.

Сұрақ: Балалар жалпы біз тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

Жауап: Тәуелсіздік дегеніміз –мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің, әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуы, сол аумақты басқаратын мемлекет биілігінің болуы, елдікті нақыштаған Елтаңба, Әнұран, Тудың болуын атауға болады.

Әлемдегі 2500-ден аса халықтың 220-ға жуығының ғана тәуелсіздігі бар екен. Қазіргі жаһандану заманында тәуелсіздікті ұстап тұру оңай шаруа емес. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан тәуелсіздігі әлем алдында мақтанарлық жағдайда деп айтуға әбден болады.

Тарихға үңілсек ата бабамыз 300 жылға жуық еңсесі түсіп аңсаған тәуелсіздікке қазақ халқы 20- ғасырдың соңында ғана қол жеткізді.

Тәуелсіздік үшін күрес 1991 жылы 16 желтоқсанда Ел Егемендігін жариялаумен аяқталды. Осы жылдың 1-желтоқсан күні казіргі Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент болып сайланды. Биылдан бастап 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуге шешім қабылданды және аталып өтілді.

Бүгінде Қазақстан әлемнің жүздеген мемлекеттерімен жан-жақты қарым қатынас орнатты. Қысқа мерзім ішінде тәуелсіз мемлекеттің негізі қаланды. Қазақ елі егемен ел болғаннан бергі уақытта талай тарихи оқиғаларды бастан өткерді.

Атап айтсақ:

1992 жылы қазан айында қазақтың тұңғыш ғарышкері, тек қазақтың ғана емес түрк халықтарынан шыққан тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа аттанды.

Одан кейін екінші рет 1994 және 1998 жылдары екі рет Т.Мұсабаев ғарышқа аттанды.

1992 жылы Қазақстан Б.Ұ.Ұ-на толық құқылы мүшесі болды. Биыл осы мүшелікке 20 жыл толып отыр.

1993 жылы – 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы – 30-тамызда Ата заңымыз қабылданды.

1998 жылы – 20 мамырда ҚР-ның Астанасы бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы болып бектілді. Осы жылдың 10-маусымында жаңа Астана ретіне тұсаукесері болып өтті.

Мемлекеттің қалыптасуы, тәуелсіздіктің нығаюындағы аса маңызды кезең ол Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру болды. Осы тұста бұрын-соңды болмаған жаңа рәсім дүниеге келді. Ол-ұлы көшті, мемлекеттік рәміздердің эталондық үлгілерін жеткізуден бастау рәсімі еді. Бұл 1997-жылы 8-желтоқсан күні болатын. Астананы көшіру ісі адамзат тарихында өте қысқа мерзімде сәтті жүзеге асты.

Қазақстан бейбітшілікті нығайтуға басқа елдерге үлгі бола білді. Қазақстаннан үлгі алған бірнеше мемлекет ядролық қарудан өз ерікдерімен бас тартты. Елімізде береке бірліктің арқасында 130-дан астам ұлтпен ұлыс өкілдері өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, тату-тәтті өмір сүруде.

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, қазақ халқы –ұлттық болмыс-бітімін қалыптастыру, жаңадан мемлекет құру, оның саяси-экономикалық бағытын айқындау тәрізді өте маңызды тарихи міндеттерді атқаруға тура келді. Сонымен қатар тағдырдың жазуымен көп ұлттың басы қосылғандықтан туыстық тамыры бөлек, әртүрлі халықтардың татулығын сақтап тұру мемлекеттің міндеті болды. Осы істерді абыроймен атқарып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап қалу арқылы, алға қадам жасау міндет тұрды. Ол үшін ең алдымен мемлекеттің айшықты рәміздерін қабылдап, оған күллі отандастарды иландыра білу қажет болды.

Елді біріктіретін де, мемлекеттік сипатты айқындайтын да осы рәміздер. Олар: Мемлекттің Туы, Елтаңбасы, және Әнұраны болатын.

Мемлекттік рәміздері - сол елдің өзіндік салтын, ерекшелігін, ең бастысы Тәуелсіздігін білдіретін қасиетті бойтұмары. Еліміз Ата заңының 34-ші бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін қабылдауға міндетті» деп жазылған. Осы орайда өткен күндер тарихына көз жіберсек:

1992 жылы 4-маусым күні «ҚР-ның Мемлекеттік Туы туралы» «ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» «ҚР-ның Мемлекттік Әнұраны туралы» оның музықалық редакциясы туралы тарихи құжат қабылданды. Келесі 6-маусым күні Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік Рәміздерінің салтанатты тұсаукесері болып өтті.

Осы күні Президент Үйі мен Парлемент үйінің төбесіне Мемлекетіміздің Туы көтерілді.

  • 1992 жылы 6-маусым күнгі Мемлекеттік Рәміздердің тұсаукесер салтанатында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуміз керек. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұту қажет»-деп үлкен тебіреніспен сөзін аяқтаған болатын.

1996 жылы 24-қантарда ҚР-ның мемлекеттік нышандары туралы ҚР-ның Ата заңына қол қойылды. Яғни мемлекеттік рәміздер бір заң аясына топтастырылды.

2007 жылы 4-маусым күні Елбасының қол қойып бекіткен ҚР-ның рәміздерін Ата заңға сүйене отырып бекіту керектігін нақты айқындап берді. Биыл осы рәміздерімізге 20 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздерді бәрінен жоғары қою көп ғасырлар бойы сол елдің әрбір азаматына міндет болып қалыптасқан.

 

 

 

 

Енді осы рәміздерімізге жеке-жеке қысқаша мағлұмат беріп өтейік

 

Елтаңба

 

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәліков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағын биік болсын, керегең кең болсын, босаған берік болсын» деген қанатты сөздер бар. Елтаңба авторлары осы сөзді басшылыққа ала отырып, жасаған деуге әбден негіз бар. Оған дәлел: ҚР-ның Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.

ҚР-ның Елтаңбасының бір бөлігі - ертедегі қанатты тұлпар. Жоғарғы жағындағы бесбұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу Республиканың атын көрсетеді.

 

Тұғырлы туымыз.

  • Тудың авторы – Оңдасынұлы Ниязбеков. Белгілі монументші, суретші. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата.

Тудың ені – 1 метр, ал ұзындығы – 2 метр.

Көк түс- ол тыныштықтың, бейбітшіліктің белгісі әрі көк аспанның реңі. Қазақ халқы: төбең көкке жетсін... көсегең көгерсін... аспанын ашық болсын... -деген тәрізді алғыстарды көп айтады.

Тудың ортасындағы Алтын күн жарық дүниенің бақыты. Күн астындағы Қыран бейнесі алғырлықтың сипаты, еркіндіктің симболы. Тудың бір шетінде Қошқар мүйіз алтын түстес оюы, ұлтымыздың қолданбалы өнерінің мұрасы есебінде байырғы мәдениетіміздің терең тарихын көрсетеді.

 

 

Асқақтаған Әнұран.

Әнұран дегеніміз – мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде, халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылады.

Әнұранды орындау тәртібіне келсек, оны түрегеп тұрып, оң қолды жүрек тұсына қойып орындайды. Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді. Бүгінгі біздің Әнұранымызға қолданысқа еңген «Менің Қазақстаным» әні 1986 жылы бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7-қантардағы Ата заңға сәйкес Мемлекеттік Әнұранның жаңа мәтіні жазылды. Әнұранның сөзіне Елбасы қазіргі заманға сай өзгертулер еңгізуіне байланысты әнұранның авторы ретінде танылды. Әнұранның авторлары:

Музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов,

Сөзін жазғандар –Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

Жаңа мәтіндегі «Менің Қазақстаным» Әнұраны алғаш рет 2006 жылы 10-қантарда Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

 

Ойындар мен тапсырмалар

Мына сөздерді тарқатып басқа сөздер жазыңдар.

Елтаңба Байрақ Әнұран

Ел Бай Ән

Таңба Ай Ұра

Таң Қар Ұн

Аң Ар Нан.

Бұл сөздерде Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтылады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтап, тәуелсіздікке байланысты бір-бір сөйлем құрайды.

Сұрақ: Төлқұжатта, Туу туралы куәлікте, Орта білім туралы аттестатта басқа да құжаттарда бейнеленген қай рәміз?. (Елтаңба)

Сұрақ: Президент резиденциясында, Үкімет үйі мен басқада мемлекеттік маңызы бар мекемелерінде мемлекеттік қандай нышан тұр?. (Ту)

Сұрақ: Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалатын ән қалай аталады?. (Әнұран)

 

 

Ата заңым –айбарым

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Ата заңы 1993 жылдың 28-қантарында қабылданды. Ата заң бәрінен бұрын мемлекеттің саяси құрылымы туралы құжат болып табылады. Басқа заңдар соның негізінде туындайды. Аталған Ата заң 1993 және 1995 жылдардағы өтпелі кезеңде ҚР-ның жаңа тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына елеулі рөл атқарды.

Өтпел кезең жағдайынан кейін қоғамдық өмір жаңа Ата заңның қабылдауына алып келді. Сөйтіп, ол 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданып, бүгінгі таңда қолданыста жүр.

Ата заң бойынша ҚР-сы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Біздің Ата заңымызда 9 бөлім, 98 бап бар. Қажет болған жағдайда, еліміздің жоғары заң шығарушы органы болып табылатын Парламент қажетті баптарға өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.

Ата заңды мұқият оқып, есте сақтап үйренген жөн. Өйткені, онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз. ҚР-сы азаматының бөлінбес құқықтарының бірі ретінде біздің мектепте оқып, білім алу құқығы да Ата заңда жазылып қойған.

 

«Туыңды көтер» кітаптың 36-бетінен О.Асқардың

«Ата заңым» өлеңін оқиды.

Теңге – ұлттық табыстың кепілі

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих шежіре жатыр. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін тағы бір белгі ол – ұлттық теңгеміз. Ұлттық теңге 1993 жылы 15-қараша күні дүниеге келді.

Теңгенің авторлары: дизайнерші Тимур Сулейменов, қылқалам шеберлері Қайыролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты. Бұл жұмыстар құпия жағдайда, комиссия басшылығымен жүргізілді.

Қазақтың теңгесінде 16-ға жуық құпия белгілер салынған. Қазақстан теңгелері казіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылған. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, Елтаңбамыз салынған.

1993-жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз мемлекетіміздің жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ұлттық валютамыз ҚР-сы Президентінің 1993 жылғы 12-қарашадағы Жарлығымен 1993 жылы 15-қараша күні таңғы сағат 8.00-ден бастап айналымға енгізілді. Қазір осы күнді тарихи дата ретінде «ҚР-ның ұлттық валюта күні» деп атап өтеді.

Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың бірден-бір белгісі. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Тақырыбы: Түрік әлемін түгендеген - Астана

 

Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміз жаңа ғасырға қадам басар тұста астананы Алатау баурайынан Сарыарқа төріне көшіруі тарихи оқиға болды. 1998 жылы 6-мамырда Елбасының Жарлығымен ҚР-ның астанасы бұрыңғы Ақмола «Астана» болып аталды. 20-мамырда ҚР-ның астанасының мәртебесі туралы ҚР-ның Заңы қабылданды. 1998 жылы 10-шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы Астананың қаласының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Елбасы Н.Назарбаев: «Астана болашақтың қаласы, бұл қазақ елінің ғасырларға сәулесін түсірер айшықты айнасы болады.» деген еді. Бүгінде, Еуразия төріндегі әсем Астана бірте-бірте әлемдік қауымдастықтың көз алдында іргелі орталықтың біріне айналып келеді.

 

Астана - тәуелсіз еліміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы.

Астана - қазақ халқының орындалған үміті мен арманның асыл көрнісі.

Астана - бұл осы замаңғы Қазақстанды дамытудың , сенімді болашағымыздың нышаны.

Астана - байтақ Сарыарқа төріндегі жеке дара жап-жасыл жазиралы өлке.

Астананы асқақтату арқылы дүниежүзіне өзімізді –келешегі кемел, әлуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық. Қазір Астана қаласының тұрғындарының саны 700 мыңдай адамға жетті. Жыл сайын 6-шілде: біздің еліміздегі елеулі күндердің бірі. Бұл әсем Астананың туған күні. Астананың әрбір мерей тойынан бергі уақытта осы тойға арналып, еліміздің барлық аймақтарынан барлығы 72 жоба, 10 мыңдай жұмыс орны ашылған екен. Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті, жеке дара шаңырағын көтерді.

Кең даланың қақ ортасында сағымдай болған Хан шатыры, Астана бәйтерегі, Пирамидасы, Тәуелсіздік сарайы, соңғы үлгіде салыңған кеңселері мен тұрғын үйлері осының барлығы санаулы жылдарда бой көтеріп, әлемді ауызына қаратқан әсем Астананың бейнесін көрсетеді. 2010 жылы Астана әлемнің 81 қаласының ішінде үздік қала деп танылды.

Қазір Астана әлемдік деңгейдегі маңызды шаралар өтетін орталыққа айналды. Осыған дейін ЕҚЫҰ саммиті мен Ақ Азиаданы абыроймен атқарған Астананың Алаш жұртына ендігі кезекте ЕХРО-2017 әлемдік деңгейдегі халықаралық мамандырылған көрмені өткізу бақыты бұйырып отыр.

 

«Өз Астанам-өз ордам» 46-бет. «Туынды көтер» авторы - Н.Айтұлы.

оқушы оқиды.

  1. Сұрақ: Астана туралы қандай фильм түсірілді?

(Астана- махаббатым менің)

2. Сұрақ: Қазір Астанада қандай ұлы адамдардың ескерткіштері бар және олар кімдер?

(Абай қазақтың ұлы ақыны, Жамбыл жыр дүлдүлі, Б.Момышұлы Кеңес Одағының батыры, Кенесары қазақ хандығының соңғы ханы. Ә.Молдағулова Кеңес Одағының батыры. Н.Назарбаев Қ.Р-ның тұңғыш президенті. т.б ескерткіштер орын алған.)

3. Сұрақ: Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?

(Түркия астанасы Анкарада.)

4. Сұрақ: Ұлт көшбасшысы туралы заң қай кезде қабылданды?

(2008 жылы 7-қантар.)

5. Сұрақ: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қай жылы қабылданды?

(2006 жылы 7-қантар.)

6. Сұрақ: Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады?

(Атамекен)

7. Сұрақ: Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

(Есіл.)

 

Ойын: сұрақ-жауап

· Мына жылдар қай тарихи датаға сәйкес келеді?.

(1995, 1992, 1998, 1993, 1991 ж ж).

· 16- желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

· 30-тамыз – Ата заң күні.

· 2-маусым – Рәміздер күні.

· 6-мамыр – Астана күні.

· 15- қараша – Ұлттық валюта күні.

 

Байтақ елім- бакытым.

 

ҚР-сының жер көлемі -2717,3 мың шақырым. Осы жер көлемі жөнінен Қазақстан әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарына кіреді. Олар: Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейінгі алтыншы орынға біздің ел кіреді екен. ҚР-ның шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы сумен, яғни Каспий және Арал теңіздері бойымен өтеді.

Батыс солтүстік көршіміз Ресей болса, Оңтүстік шығыстағы көршіміз Қытай Халық Республикасы. Оңтүстік және оңтүстік батыстағы көршілеріміз – Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары.

Қазақстан Республикасы – Евразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтар бар. Жер бедері негізінен жазық далалы, шөлді және шөлейті аймақтар басым. Олардың арасында: Сарыарқа мен Үстірт, Тұран мен батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала сынды ұлы өңірлер көптеп кездеседі.

Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға: Жоңғар Алатауы, Тянь-шань таулары кіреді. Ал ірі өзендер қатарына: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл өзендері кіреді. Республика аймағында 4750 түрлі өсімдік өседі. Республикада табиғи қорықтар, қызыл кітапқа кірген аңдар көптеп кездеседі.

 

Сөзжұмбақ.

Бұл сөз жұмбақтың ортасына мемлекетіміздің атауы шығады.

  1. Киіз үйдің күмбезі. (Шаңырақ.)
  2. Тәуелсіздіктің төл белгісі. (Елтаңба.)
  3. Көшпенділер үшін бағыт-бағдар айқындайтың астрологиялық бейне. ( Жұлдыз. )
  4. ҚР-ның Прзиденті. (Н.Назарбаев.)
  5. Азаттықты белгілеген құс. (Қыран.)
  6. Қазақтың Елордасы. (Астана.)
  7. Ұлттық валюта. (Теңге.)
  8. Адамзат қадыр тұтатын мекен. (Отан.)
  9. Мемлекет гимні. (Әнұран.)

 

 

Ш

А

Ң

Ы

Р

А

Қ

 

 

Е

Л

Т

А

Ң

Б

А

 

 

Ж

Ұ

Л

Д

Ы

З

 

Н

А

З

А

Р

Б

А

Е

В

 

Қ

Ы

Р

А

Н

 

 

А

С

Т

А

Н

А

 

Т

Е

Ң

Г

Е

О

Т

А

Н

 

Ә

Н

Ұ

Р

А

Н

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.О.Жанайдаров. Менің елім Қазақстан. -Алматы, «Балауса баспасы», 2003 жыл. -21,23-ші беттері.

2.Туыңды көтер. Жинақтар. -Алматы, «Балалар әдебиеті баспасы», 2006 жыл, - 36, 44 беттері.

  1. Журнал. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» - 9 бет.- 2011 жыл. -15 бет.

4. Журнал. «Сыныптағы тәрбие»- №6.-2006 жыл.-10, 13-ші беттері.

  1. Журнал. «Жаңа Сарыарқа» - №-6. - 2006 жыл.- 7 бет.

 

 

Тақырыбы: Аты аңызға айналған генерал

(Патриоттық сабақ )

 

Мақсаты: оқырмандарды ССРО-Германия соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерлігі туралы мәліметтермен таныстыру:

Қайсар генерал И.В Панфиловтың өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру. Оқырмандарды Отан сүйгіштікке , патриоттық сезімге ,ерлікке ,Отанды қорғай білуге тәрбиелеу.

  • : кітап көрмесі, слайдтар ,әскери реквизиттер.

 

 

 

Кітап көрмесінен көрініс

 

Барысы

 

 

Соғыс тақырыбындағы әндер тыңдалады.

1.Кіріспе сөз.

Жеңіс!Осы бір сөз әр бір адам үшін қасиетті де құдіретті!

От пен жалынға оранған 1918 күн мен түн , әр бір сағаты , әр минуты қауып – қатерге толы болғанын , қолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. 1941 жыл 22 маусым. Қанқұйылы фашизмнін қара бұлттай қаптаған қолы ССРО-ға тажалдай төніп түтқиылдан тап берді. Бейғам, мамыражай тірлік кілт үзілді.

Жиырма миллион тірлік демін доғарды

Қанша қала күлге айналып тоналды

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды

Адамзатым , ақиқатқа сеніңіз

Соғыс деген болған емес тегін іс

Соғыс деген – қиылған жан, ақққан қан

Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.

 

 

Қазақстанның 1- миллион екі жүз мыңға жуық ұлы мен қызы

Совет Армиясы қатарында шайқасты. Республикада ондаған атқыштар мен атты әскер дивизиялары , бригадалары , авияция полктары мен арнаулы батальондар жасақталды.Қазақстандықтар тарихта тендесі жоқ қаһармандық пен табандылықтын үлгісін көрсетті.

Әсіресе генерал Панфилов басқарған 316-ші атқыштар дивизиясы Мәксеу түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті.

Өмірбаяны.

Панфилов Иван Васильевич Ресейде ,Саратов облысы, Петровск қаласында 1 қаңтар 1893 жылы дүниеге келген. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа , 1918-1920 жылғы Азамат соғысына қатасып взод рота командиры болған. Киевтегі жоғарғы әскери мектебін бітірген – батальон, полк басқарған. 1937жылы Орта Азия әскери округ штабының бөлім бастығы ,1938 жылы Қырғыз ҚСР-ның әскери комиссары болды.

Слайд : Казахстанцы защищают Москву, Боевая карта

316 Алматы атқыштар дивизиясы туралы.

1941ж Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-шы атқыштар дивизиясын жасақталып Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941ж қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған дивизия Волоколамск бағын қорғауда асқан ерлік көрсетті.

 

Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,

Анау жаудың танкілері лаулаған,

Жеріміз кең артымызда Мәскеу тұр,

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам....

Дубосеково.....Біздің елімізде осы бір жер атын естігенде селт етпейтін бір пенде жоқ шығар. 28 гвардияшылардың ерлігін олардын саяси жетекшісі Василий Клочковтың: Ресея кең байтақ , бірақ шегінерге жер жоқ- артымызда Москва- деген әйгілі сөзін жақсы біледі мәңгі ұмытпайды. 28 гвардияшылар жаудын 50 танкісін талқандап жауды ілгері өткізбеді , өлімнен тайсалмай күші басым жауды жеңіп асқан ерлік жасады.

28 панфиловшылардың бәріне Совет Одағынын Батыры атағы берілді.Есімдері кітаптарда жазылып мәңгілік есте қалды.

Дивизияның барлық бөлімдері аға лейтенант Маслов В.С , капитан ЛысенкоМ.А, дивизияның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин, қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаров ерлік көрсетті, әсіресе аға лейтенант Бауржан Момышұлының батальоны ерекше көзге түсті. Полктің жауынгері ақырғы қасық қаны қалғанша айқасып, дұшпанның танктері мен әскерлерін ішке бір табан да аттатпады. Келесі ұрыстарда Момышұлы тағы да 5 рет жау тылында болып , 5 ретте жау қоршауын бұзып-жарып өтті, 27 тактикалық әскери жаңалықты енгізген, 117 рет шайқасқа кірген.

Бірақ майдан даласындағы ерліктері үшін Батыр атағы берілмеген ,

Екі рет Генералға ұсынылсада оған оны Қенес Үкіметі қыймады. Әскери Академияда өзімен бірге оқыған 250 адам болса , Баукен солардын арасында жалғыз азият болған , генерал атағын алмай қалғанда жалғыз өзі.

Тек Қазақстан Тәуелсіздік алған соң ғана Батырдын туғанына 80-жыл толу қарсаңында Назарбаев Н.А талап етуімен Момышұлына Қенес Одағынын Батыры атағы берілген.

Мұндай әділдіктің салтанат құруын халықта 45 жыл күтті , Момышұлы күте алмады. Соғыстың аяғына қарай полковник шеніне және 9 гвардиялық атқыштар дивизиясының командиріне дейіне көтерілді.

 

 

 

Ұстазы генерал Панфиловты естеліктерінде ұйымдастырушы тұлға ретінде көрсетеді.Панфилов Момышұлынын айтуы бойынша бір туар әскери ойшыл, өжет, батыл, қатал,тактика мен әскери стратегияда жаңашыл қолбасшы.

Ол Москва түбіндегі ұрыстардың ерекшеліктерін көре білді , ол маневрлі қорғаныс жағдайында тас жолдары үшін , басты бағыттар үшін жүргізілетін ұрыстар болған , ол шегінуге еш уақытта кеш болмайды деп жиі қайталайтын , айрылып қалған шепті қайтадан алуға болады , бірақ айрылған адамдарды қайтара алмайсың.Оның қағидасы ұрыссыз шегінбе дұшпанның күшін жоя отырып адам күшін-сақтап қалу.

 

Генерал Панфилов дивизиясының штабы Гусенева деревнясында болатын, Панфиловтың жеке өзі кейде майдан шебінен 200-300 метрге дейін аралап көретін . Генерал жағдайды көзбен көрмек болып сыртқа шықты , осы кезде рота келе жатады , рота командирлері жаунгерлрді сапқа тұрғызып әскери сәлем беріп өтпек болады- осы кезде жау нысанаға алып ата бастайды ,сонда тараңдар бұл жер парад емес кәзір бәріңді жайпап кетеді дейді , осы сәтте 20 метр жерге келіп мина жарылып , жарық шағы Панфиловтың жүрегіне келіп қадалады.

18 қараша 1941 қаза тапты.

Өлең “Генерал Панфилов” Д .Снегин оқылады.

 

Мәскеу шайқасы.

Мәскеу түбіндегі бірнеше айларға созылған үздіксіз ұрыстарда өз бекіністерін берік сақтай отырып ,қарсы шабуылдар арқылы жаудың 4 танк -29, моторлы 11 және 110 жаяу әскер дивизиясын талқандап ,

90мың солдатын жойды. Ерлігі мен батылдығы үшін Панфиловқа

Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.

Оның есімі 8 гвардия(бұрынғы 316 ) атқыштар дивизиясына берілді.

Алматы ,Мәскеу,Саратов, Петровск т.б қалаларда Батырдың атында парктер, саябақтар, даңғылдар мен көшелер бар.

 

Бір дивизиядан 35 Кеңес Одағының Батыры шықты.

Мәлік Габдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданында туған. Панфилов дивизиясында политрук болған.Сұрапыл жылдары майдан өмірін , жаыунгер тұлғасын газеттерде жарық көрді. Кеңес Одағының Батыры.Ғылым, қоғам қайраткері, жазушы.1973ж Алматы қаласында өмірден кетті.

Өлең “Батыр досыма” жазған К.Бекқожин .

Панфиловшылардың бірі қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаров.

1920 ж Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында Қарақұдық ауылда өмірге келді.1941 ж желтоқсанда әскерге шақырылып Паннфилов дизиясы құрамында Ұлы Отан Соғысына қатысқан.Ер жүрек автоматшы бір тәулік ішінде жаудың 150-ден солдаты мен офицерін жойған.1942 жылы 9 ақпанда Бородино селосында кескілескен ұрыста ротаны шабуылға бастап қаза тапты.

Қаһармандығы мен батылдығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ол туралы композитор Р. Елебаев “Жас қазақ” ән-реквием (1942) тындалады.

Ақын Н. Баймұратов “Ер Төлеген” дастанын жазды.

Өлең “Толеген Тоқтаровқа” С.Машаков жазған.

 

Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер Совет Герман майданының аса жауапты учаскелерінде болып жауынгерлік ерлік пен әскери табандылықтың қатал сындарынан сүрінбей өтті.

470-ке жуық қазақстандық Совет Одағынын батыры атанды.

Туған жеріне орала алмай , жат жердің топырағы бұйырған , жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына

Бір минут үнсіздік жариялаймын.

МЕТРОНОМ

Парк Панфиловцев, Поклонимся героям.

Оқырмандардың оқиды.

“Сен құрметте оны.” Әбу Сәрсембаев

“Борыштымыз” С.Боранбаев

“Ардагерлер” М. Әмреев

 

 

 

Викторина:

 

1.Қазақстан Республикасының Жоғары Бас қолбасшысы кім?

Назарбаев Н

2.Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккен қазақ Батыры кім?

Қошқарбаев Р

3.Шығыстың қос шынарын ата?

А.Молдагулова, М.Маметова

4.Халық қаһарманы атанған тұнғыш ұшқыш қыз кім?

Хиуаз Доспанова

5.Кәзіргі Қорғаныс Министрі кім?

Әділбек Жақсыбеков

Соңғы сөз.

1945 ж 9 мамырда гитлерлік Германия тізе бүкті.

1418 күнге созылған соғыс адамдардын жүрегіне жазылмайтын жаралар салды , қаншама ошақтың отын өшірді , тарих беттеріне шолу жасасақ 27 миллион адам қаза болды.

Соншалықты қымбатқа түскен Жеңіс күні бізге қымбат.

Ата бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмайды.

“Жеңіс күні”әні орындалады.

 

Сенарийды дайындаған кітапханашы Асаинова Г.К

Астана №3 балалар кітапханасы 2013 ж.