Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
"Жыр сұлтаны - Сұлтанмахмұт"

26 қазан күні №4 балалар кітапханасында Елбасының "Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру жолында "Жыр сұлтаны - Сұлтанмахмұт" атты поэзия кеші өткізілді.

Кештің мақсаты: Қазақ ұлттық мәдениет қайраткері, XX ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежіресі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен щығармашылығымен танысу,бүгінгі жас ұрпақ та үлгі -өнеге тұтып,болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.

Іс-шараға №30 мектеп-гимназияның 9"а" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Стамкулова Н.А.қатысты.