Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Әкім Тарази

Қазақтың танымал жазушысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» ордені мен «Отан» орденінің, Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері Әкім Тарази 9 қыркүйекте 85 жасқа толды. 
Қаламын орыс тілінен бастаған жазушы, кейіннен қазақ тілінде жаза бастап, оқырманына өзінің ана тілінде керемет туындылар сыйлай алды. «Тасжарған, «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» сияқты шығармалары оқырмандарға кеңінен таныс болып, сүйіп оқитын туындыларға айналды.
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қорғанбек Аманжолға берген сұхбатында: «Әуелде жазушы боламын деген ойым жоқ еді. Ғабеңнің қол астында «Ара»-«Шмельге» орыс тілінде келетін хаттарға жауап беріп жүрдім. Сосын өзім де ананы-мынаны орысша жаза бастадым. Сөйтіп «Тұлпардың ізімен» атты алғашқы повесімді орыс тілінде жазып бастырдым. Осылай жалғастырып жаза бергенімде бұл күндері мүйізі қарағайдай орыс тілді қазақ жазушысы болып қалыптасуым да бек мүмкін еді. Бірақ іштен бір намыс түрткілей берді. «Мен неге?! Орыс тілі – бай тіл. Толстойдың тілі, Чеховтың тілі. Құрметтеймін. Бірақ мен неге өзімнің ана тілімде жазбаймын?!» деп күрт қазақ тіліне көштім. Бұл оңай болмады. Әуезовті оқып шыққаннан кейін – Әуезовтің тілі, Әуезовпен ауырдым. Мүсіреповті оқығаннан кейін Ғабеңе еліктедім. Ақырында, әдебиетке, көркем әдебиетке көркем әдебиет арқылы келдім».
******
(Толығырақ желіден алуыңызға болады: : https://www.egemen.kz/ akim-tarazi-dostarymdy-men-oezim-tanhdadym)
******
Автоматтандыру және анықтамалық-библиографиялық қызмет