Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
«Кітапханадағы түн»

«Кітапханадағы түн» акциясы аяқталып, өзінің алдына қойған мақсатына толық жетті десек те болады.
⠀⠀⠀
Екі кітапханаға келген оқырмандардың легі сағат кешкі алтыдан түнгі он бірге дейін бір толастамады. Ең соңғы оқырмандар түнгі сағат 10.49-да тіркеліп, кітапхананың сыйлығына ие болды. Алдын ала жоспарланған осы іс-шараға кітапханашылардың жан-жақты дайындалғаны байқалды. Екі кітапханада да кітап көрмелері ұйымдастырылып, ақын-жазушылармен кездесу өткізілді. Жас ақындар өз төл туындыларымен оқырмандарды таныстырды, оқырмандар өз кезегінде сүйікті ақындарының шығармаларын жатқа оқыды.
⠀⠀⠀
Шеберлік кластары үйренсем, білсем деген жасөспірімдерге толып, тіпті орын болмаған сәттер де болды. Балаларын ертіп келген ата-аналар да сол түні өз қызығушылығын таба алды. Үлкендерге арналған отырыста ата-аналар ұлтымыздың салт-дәстүрлері туралы ақпарат алып, қазақтың ән-жырларын тыңдап, айтыс өнерімен таныса алды.
⠀⠀⠀
«Кітапханадағы түн» өзінің тәрбиелік мәнімен де, жаңашылығымен де есте ұзақ қаларлықтай болды.
⠀⠀⠀
Енді келесі осындай түнді асыға күтетін боламыз.
⠀⠀⠀
Автоматтандыру және анықтамалық-библиографиялық қызмет.