Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Қазақ радиосындағы сұхбат

31 наурыз күні «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» директоры Гүлбадан Сақтапқызы мен Автоматтандыру және анықтамалық-библиографиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі Аймаганова Маржан Аждарқызы Қазақ радиосында тыңдармандармен сұхбаттасты.

Сұхбат сұрақ-жауап түрінде өтіп, кітапхананың бүгінгі тіршілігі, тынысы, алдағы жоспарлары туралы өрбіді. 
____________________________________
Астана еліміздің жүрегі, бас қаласы. Астана көз алдымызда өсіп, күннен-күнге көркеюде. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері елімізде тұрақтылық орын алған: кәсіпорындар жұмыс істеуде, мектептер, ауруханалар салынып жатыр, экономикамыз дамуда, мәдениетіміз бен өнеріміз көркеюде. Ұлтымыздың асыл құндылықтары шоғырланған, тарихтан сыр шертетін туындылардың үйі кітапханалар да соңғы жылдары оқырмандарына есігін айқара ашып, заман ағымына сай қызмет көрсетуде. Қаламыздағы ең ірі кітапханалардың бірі Ұлттық Академиялық кітапхана болса, кітап қоры шағын, бірақ қызмет көрсету аясы кең кітапханалардың бірі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі».

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» бүгінгі күні 18 кітапхана кіреді. Кітап қоры 700 мың данадан жоғары, оқырмандар саны 70 мыңнан астам. Кітапханалар қаламыздың үш ауданында да оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханалар заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған, оқырмандар дербес жұмыс жасауы үшін қойылған компьютерлердің, компьютерлердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер (CD -дискілер)дің көмегі зор. СД залдың қолданушылары компьютерден керек материалын тауып, танысып қана қоймай, ақпаратты сақтауға арналған техникалық құралдарға сақтап, ала алады.
_______________________________________________
Cоңғы жылдары кітапханаға келушілердің де саны артып, кітап оқитын оқырмандарымыздың саны артуда. Ең бірінші оқырманды не қызықтырады, әрине жақсы кітап. Заман талабына сай жазылған, мазмұны терең кітаптар әрқашан оқырман сұранысына ие. Олардың көбі өкінішке орай орыс тілінде, дегенменде қазақ тілінде баспадан шығып жатқан кітаптардың біраз бөлігі бірінші сауда орындарына жөнелтілсе де, кітапханаға да жететін кітаптар бар. Соңғы жылдардың мәліметіне сүйенсек, біздің кітапханалар 200 мыңнан астам кітап сатып алған болса, оның ішінде 58% (пайызы) қазақ тілінде, 0,2% шет тілінде, қалғаны, орыс тіліндегі кітаптар еді. Кейінгі жылы мемлекеттік тапсырыспен келіп түскен кітаптардың 90 пайызы қазақ тілінде.

________________________________
Гүлбадан Сақтапқызы мен Маржан Аждарқызы өз ойларымен бөлісіп, тыңдармандарды кітапханаға шақырды. 
Маржан Аждарқызы Астана аудандарында орналасқан кітапханалардың мекен-жайынан мәлімет берді.

Кітапханалардың ең көп шоғырланған ауданы- Алматы ауданы. Мұнда 11 кітапхана бар, оның ішінде үшеуі балалар кітапханасы және бір Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана. Осы ауданда Орталық қалалық кітапхана орналасқан. Сарыарқа ауданында 7 кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде үшеуі балалар кітапханасы.

Кітап асыл қазына десек, осы асыл қазынаны насихаттаушы, оқырманға жеткізуші кітапханашылар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөздері бар:«Адамды қалыптастыратын екі нәрсе бар, бірі оның не оқитыны, екіншісі оның кіммен сөйлесетіні». Ендеше Астананың қай ауданында тұрсаңыз да, кітапхана сізге қызмет көрсете алады, келіңіздер, жазылыңыздар, мазмұны терең, қызықты кітаптарды алыңыздар,оқыңыздар!

Сұхбат барысында тыңдармандардан көптеген сұрақтар келіп түсті. Олардың негізгі тақырыбы классик ақын-жазушыларымыздың кітаптары туралы болды.

Тыңдармандарымызды қызықтырып жүрген кітаптардың бар-жоғы сұралды.

Кездесудің басты шарты бойынша, ең тартымды, мазмұнды сұрақ қойған, тілек айтқан екі тыңдарманға сыйлық ретінде екі кітап сыйға тартылды. Біріншісі, «Қазақтың мың бір күйі», екіншісі «Сағындырған асылдар» кітабы.