Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
«Тұғыры биік тұлға»

17 қаңтар күні № 3 көпшілік кітапханасында Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жасқа толуына орай «Тұғыры биік тұлға » атты бейне портрет сағаты өтті. Шараға №40 Әлкей Марғұлан атындағы мектеп оқушылары қатысты. 
Ахмет Байтұрсынов өз заманында «Қазақтың Ахаңы», «Ұлттың ұлы ұстазы»,-деген мәртебелі атқа ие болған дарабоз дарын иесі, бір басында асыл қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға. Ағартушы ұстаз, тілші, ғалым, өз халқын сүйген патриот адам. Өз кезегінде оқушылар да ұлт ұстазы жайлы, әңгіме козғап, шығармашылық мұрасы «Әдебиет танытқыш», «Қырық мысал», «Маса» кітаптарына тоқталды, өлең жолдарын оқыды. Ахмет Байтұрсыновты айтқанда Алаш қозғалысы да тілге тиек болары сөзсіз. Осы орайда оқырман қауым өздерінің білімдерін, ой-өрістерінің кеңдігін көрсетіп, Ұлт ұстазының басшылығымен«Алаш»партиясының бағдарламасы даярланып, қабылданынғанын айтып берді. Бейне портрет сағаты Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновқа арналған деректі фильммен жалғасты.