ГУ «Централизованная библиотечная система»
"Бала жанының балғаны"

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Халықаралық балалар кітабы күніне орай айлық ұйымдастырды. ⠀⠀⠀
Айлық аясында 2 балалар кітапханасы "Бала жанының балғаны" атты шара өткізді. Шараға 8 орта мектептің 5 сынып оқушылары келді. ⠀⠀⠀
Шарада əн айтылып би билеп, балалар жазушының ертегісінен қойылым көрсетті.
⠀⠀⠀
Т.Əбдрайым балалардың жүрекжарды қойған сұрақтарына жауап беріп отырды.
⠀⠀⠀
"Менің қолтаңбам" атты жоба аясында автор өзінің қолтаңбасын қалдырды.
⠀⠀⠀
Балалар естелік суретке түсті. Шараға белсенді қатысқандарға Алғыс хат пен кітап сыйға тартылды. Балалар Жазушы аталарынан жаңа туындылар күтетінін айтты.
⠀⠀⠀
Кештің тағы бір қонағы орыс тілінде жазатын жас балалар жазушысы Дина Ораз @orazdina өткен шараның балалар үшін өте маңызды екенін және қызықты өткенін атап өтті.