ГУ «Централизованная библиотечная система»
«Ел жүрегі – Астана»

2018 жылдың 6 сәуір күні Астана қаласының №5 балалар кітапханасында елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласың шеңберінде №64 мектеп-лицейі мен С.Мауленов атындағы №37 орта мектеп оқушыларының қатысуымен Елорданың Астанаға көшуіне 20 жыл толуына орай «Ел жүрегі – Астана» атты библиокеруен болып өтті.
______________
Кітапханашы Ғұмарова Бағжан Қанатқызы қала тарихымен таныстырып, елордамызды Астанаға көшіру жөнінде әңгімеледі. Қаламыздың ерекше ғимараттары туралы бейне-слайд көрсетілді.
⠀⠀⠀
Балалар «Сен білесіңбе?» атты блиц-турнирға белсенді түрде қатысты.
- Қай жылы Елорда Астанаға көшірілді?
- Астананың басты символын ата?
- Қазақстан үшін 2017 жылы қандай елеулі оқиға болып өтті? сияқты т.б сұрақтар қойылды.
⠀⠀⠀
Балалар Астана жайлы өлеңдер оқыды, әндер шырқалды, билеп те үлгерді, күй шертіп, домбыраның құлағында ойнады.
⠀⠀⠀
Балалар Астанаға ең жақсы тілектерін айта отырып, іс-шараны «Тілектер сайысы» атты ойынмен аяқтады.