ГУ «Централизованная библиотечная система»
«Айтшы, әжетай» атты республикалық балалар журналының тұсау кесері

Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Ш.Құдайбердіұлы 25/3 орналасқан №5 балалар кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні наурызда тұсау кесері өтіп, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға «Айтшы, әжетай» атты республикалық балалар журналы жол тартты.

Журналдың бас редакторы Сандуғаш Болатханқызы Нұрқанова.
Бұл іс-шараға №51 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары Диана, Диляра Теңдік әжелерімен, Гүлнара қызы Назаргүлмен тақпақтар айтып белсене қатысты.
Журналдың мақсаты дана халқымыздың ізгі қасиеттерін зердесіне құйып, ана тіліміздің мәртебесін көтеру.
Сандуғаш Болатханқызы «Айтшы, әжетай» журналының алғашқы бірінші санын балаларға және кітапханаға тарту етті.
«Айтшы, әжетай» журналы өнер-білімге құштар жастың талабын қолдауға, асыл қазынамызды сақтап, кәдеге жаратып қана қоймай, оларды уақытпен үндестіре жаңғыртуға шақырады.